ТЖМ іздестіру-құтқару жұмыстары барысында "Қазақмыс"корпорациясы ЖШС-не тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің денесі табылғандығын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның жеке басы анықталуда.
Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
ҚР ТЖМ жедел штабының "жедел желісіне" 23 қоңырау келіп түскен.