Шахтадағы апат. Үшінші кеншінің денесі табылды

18 Тамыз 2023, 14:07
1213
Бөлісу:
Шахтадағы апат. Үшінші кеншінің денесі табылды
Фото: BAQ.KZ - архив

«Қазақстан» шахтасындағы апатта үшінші кенші қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі кезде анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы.

Компания қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетінін мәлімдеді. Көмекке мыналар кіреді: 

  • жерлеуге байланысты шығындарды жабу;  
  • қайтыс болған жұмысшылардың 10 жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;
  • 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);  
  • 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу;  
  • жоқ адамдарға тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;  
  • қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;  
  • ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;  
  • серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;  
  • әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен балалар лагерлеріне жыл сайынғы жолдамалар.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын. Кеше кешкісін бір адамның денесі табылып, кім екені анықталған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған апаттың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ депутаттар Арселор Миттал басшылығын жауапқа тартуды талап еткен болатын.

Қазіргі уақытта қалған 3 адамды іздестіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар дәрігерлер ауруханаға түскен шахтерлердің жағдайы туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы