Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны 32-ге жетті

28 Қазан 2023, 16:05
851
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны 32-ге жетті
Фото: Архив BAQ.KZ

Костенко атындағы шахтада сағат 16:00 жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кеншіні іздеу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған денелерді шығару жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы