Шахтадағы апат. Бір адамның өлімі расталмады

17 Тамыз 2023, 20:13
570
Бөлісу:
Шахтадағы апат. Бір адамның өлімі расталмады
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бір жұмысшының қаза тапқаны туралы ақпаратты растамады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шахтадағы конвейер таспасындағы өрт салдарынан екі жұмысшы қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған бір адамның денесі табылды (деректердегі дәлсіздік адамның денесін екі жақтан келген іздеу бөлімшесінің адамдары тапқан). Қаза тапқан адамның денесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы