Шахтадағы апат: бесінші кеншінің денесі табылды

3 Қараша 2022, 10:25
2334
Бөлісу:
Шахтадағы апат: бесінші кеншінің денесі табылды

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында болған төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар саны 5 адамға жетті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Сағат 09:09-да бесінші жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Бұған дейін «АрселорМиттал Теміртауға» қарасты шахтада апат болып, төрт адам көз жұмғаны хабарланған болатын. Тағы төрт адам ауруханаға түсті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Өзгелердің жаңалығы