Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Қызметтің ресми өкілі Әлібек Абдилов айтуынша, бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 - де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі көтерілу кезінде биіктіктен құлап, бетонды қоршауды сындырған.
Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны - 12 адам. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған, - деді ресми өкіл.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.