ШҚО-да жол жабылды

31 Желтоқсан 2019, 08:56
2960
Бөлісу:
ШҚО-да жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы екі автожолда қозғалыс шектелді, деп хабарлады "Қазавтожол" АҚ баспасөз қызметі.

Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы "Алматы-Өскемен" жолының 778-967 шақырым жолында, Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы аймағында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қалбатау ауылы-Қасым Қайсенов ауылының бұрылысы аймағында, "Алматы-Өскемен" тасжолының 971-1068 шақырымында барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Ауа райының нашарлап кетуіне байланысты (боран, көріну нашарлау) "Үшарал-Достық" тасжолының 83-184 шақырымында, Көктұма ауылы-Достық ауылы маңында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылды.



Өзгелердің жаңалығы