ШҚО-да індет Тарбағатай ауданының тұрғынынан анықталды

3 Мамыр 2020, 23:12
2232
Бөлісу:
ШҚО-да індет Тарбағатай ауданының тұрғынынан анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да COVID-19 тағы 1 фактісі расталды. 1965 жылғы әйел адам - Тарбағатай ауданының тұрғыны, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алдын ала қойылған вирусты пневмония диагнозымен провизорлық стационарға түскен науқас, алгоритмге сәйкес, дереу коронавирусқа тексерілген. ПТР әдісімен жүргізілген талдаулар COVID-19-дың оң нәтижесін көрсетті.

Қазіргі уақытта ол инфекциялық бокста ем қабылдауда. Жағдайы орташа дәрежедегі ауырлықта. Айта кетейік, облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпаған. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Жалпы облыс бойынша осы сәтке 29 КВИ жағдайы тіркелген, оның 3-уі сырттан әкелінген. Аумақтық таралуы бойынша 7 жағдай Өскемен қаласына, 19 жағдай Семей қаласына, 1 жағдайдан Абай, Глубокое және Тарбағатай аудандарына тиесілі.
Өзгелердің жаңалығы