ШҚО-да 9 перзентхана салынады

5 Ақпан 2020, 20:26
1613
Бөлісу:
ШҚО-да 9 перзентхана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 9 перзентхана салынады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Қоғамдық кеңеспен есепті кездеусінде айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Қазіргі уақытта өңірдегі жүкті әйелдердің 80 пайызы Өскемен және Семей қалаларында босанады. Неліктен? Кезінде әлдекімдер үлкен кемшілікке жол берген. Бала өмірге келгенде, туыс-туған түгел жиналып, қуанышты бірге қарсы алу керек. Ал біз ана мен баланы олардан жүздеген шақырымға алыстатып алып кетеміз, – дейді аймақ басшысы.

Осы себепті облыс көлемінде 2-ші деңгейлі 9 перзентхана салу туралы шешім қабылданды. Оның бесеуі шекара маңындағы аудан орталықтарында болады.

Бұл перзетханалар ең жоғары стандарттарға сәйкес жабдықталады, – деп түйді Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы