Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды – Тоқаев

15 Қыркүйек 2022, 16:12
981
Бөлісу:
Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды – Тоқаев

Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күннен бері еліміз түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналғанын айтты. 

Дүниежүзіндегі беделді дін басышлар бір шаңырақтың астында жиналды. Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар. Осының өзі дінаралық ынтымақтастықтың маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде, барлығымыздың мақсатымыз бір – өркениеттер үндестігін орнату, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылды. Оның барлығы біздің "үйлесімді әлем" құру жолында оң ықпалын тигізеді деп санаймын, - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы съезге келген рухани әлем басшыларына алғыс айтты. 

Форумды өткізуге атсалысқан дипломаттар мен волонтерларға, журналистерге рақметімді айтқым келеді, - деді Тоқаев. 

Президент Рим папасына ерекше алғыс айтты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.

 

Өзгелердің жаңалығы