Сьезд өткізудің қандай тиімділігі бар?

2 Наурыз 2023, 20:00
1404
Бөлісу:
Сьезд өткізудің қандай тиімділігі бар?
Фото: автордан

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі бойынша дәріс өтті. Шараға студенттер, магистранттар  мен «Дінтану» кафедраларының оқытушылары қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Сьезге дайындық барысында әлеуметтік желілерде «Сьездің маңыздылығы қанша? Бекерге қаражат жұмсаймыз» деген пікірлер тарады. Сол кезде қоғам екіге бөлінді. Дегенмен, әлемдік сарапшылар шараны жоғары бағалады. Елордамыз Астанада өткен сьезге аса құрметті қонақтарымыз қатысты. Олардың қатарында Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск, сондай-ақ ең көне Әл-Азһар ислам университетінің Жоғарғы имамы Шейх Ахмад ат-Тайеб сөз сөйледі. Бұдан бөлек Орыс православ шіркеуінің өкілдері қатысып пікір білдірді. Сьез жайлы шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазды.  Осыған қарап-ақ, бұл шараның елімізді шетелге танытып, мерейін үстем еткенін байқауға болады», – деді Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев.

Сьезд өткізудің қандай тиімділігі бар?

Сонымен қатар спикер сьездің қорытынды нәтижелерін атап өтті.

Дәріс барысында студентер көкейде жүрген сауалдарын қойды және еліміздегі дін конфессиялары жөнінде пікір алмасты. Срапшы маман Мейірман Келесов студенттерге конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделін таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы