Сейсенбі, 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

17 Қазан 2023, 08:40
541
Бөлісу:
Сейсенбі, 17 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17 қазан, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан күн ашық, жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы