Сеулде 275 жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетті

8 Қараша 2022, 02:27
1318
Бөлісу:
Сеулде 275 жолаушысы бар пойыз рельстен шығып кетті

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында пойыздың рельстен шығып кету салдарынан 30-ға жуықмадам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ренхап-қа сілтеме жасап.

Сеул орталығында пойыз рельстен шығып кетіп, соның салдарынан 30 адам жарақат алды, - делінген хабарламада.

KORAIL мәліметінше, зардап шеккендердің көбісі жеңіл жарақат алған. Апат болған кезде пойызда 275 жолаушы болған.

Агенттік мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 20:52-де болған, пойыз қала орталығындағы станциялардың біріне жақындап келе жатқан. Алты теміржол вагоны рельстен шығып кеткені айтылады, оның бесеуінде жолаушылар болған.

Өзгелердің жаңалығы