Серікзат Дүйсенғазы: Қазақстандықтар ел президентіне үміт артады

21 Қараша 2022, 17:20
1202
Бөлісу:
Серікзат Дүйсенғазы: Қазақстандықтар ел президентіне үміт артады

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы сайлау науқанының өту барысы туралы ойың айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақын биылғы сайлаудың әділ өткенін ерекше атап өтті.

«Сайлау бұрынғыға қарағанда әділ өтті. Себебі бұл жылы барлық өңір бойынша заң бұзушылықтардың болғаны туралы ешқандай ақпарат шыққан жоқ. Халық өз еркімен барып, дауыс берді. Бұл - менің көргенім»,-деді ол.

Сонымен қатар саяси додоға түскен кандидаттар туралы да пікірін айтты. 

«Дауыс беру нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы 80% дауыс жинауы – оның халықаралық деңгейде, мемлекет ішінде саяси салмағының жоғары екенін көрсетеді. Ал, басқа кандидаттардың саяси салмағы әлі де үлкен емес болып отыр. Осындай ержүрек азаматтармен бірге саяси додаға қос аруымыздың түсуі жақсылықтың белгісі. Ол өркениеттегі елдегідей біздің елдің де дұрыс қағидасы, демократияның көрінісі»,-деді ол.

Дауыс беру нәтижесінде жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде алдағы жоспарларымен бөлісті. Қазақстан халқының да ол кісіден күтері көп дейді сарапшы.

«Қасым-Жомарт Тоқаев зиялы отбасынан шыққан, білімді, тәжірибелі азамат. Сондықтан ол кісіге сенім білдіремін»,-деп өз ойың қорытындылады Серікзат Дүйсенғазы.

Өзгелердің жаңалығы