Серіктесінен қарыз алып, қашып кеткен күдікті «Алматы-Астана» пойызында ұсталды – ШҚО

23 Қазан 2022, 04:51
934
Бөлісу:
Серіктесінен қарыз алып, қашып кеткен күдікті «Алматы-Астана» пойызында ұсталды – ШҚО

Өскемен қаласы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан жергілікті тұрғынға қарыз болып қалған 33 жастағы азаматтан екі миллион теңгеден астам қарыз өндіріп алу туралы қаулы келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, бұрынғы бизнес серіктесі 2020 жылғы желтоқсанда қолхатпен 2 407 402 теңге қарыз алған, алайда екі жыл ішінде бір тиын да қайтармаған көрінеді.

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері борышкердің орналасқан жерін анықтаған. 33 жастағы қаскөй осы уақытта Алматыдан Астанаға кетіп бара жатқан поезда болған. Полицейлер борышкерді Шу қаласындағы станцияда ұстаған. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысатын болады, - дейді ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін Заңмен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы