Серік Сыдықов қызметінен босатылды

24 Ақпан 2022, 10:09
1508
Бөлісу:
Серік Сыдықов қызметінен босатылды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықов қызметінен босатылды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, Серік Сыдықов қызметінен босату туралы өтініш жазған.

Сыдықов Серік Сіләмжанұлының атынан Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінен босаты туралы өтініш келіп түсті. Регламент бойынша бюроның шешімімен бұл мәселені Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті алдын ала талқылап, өз қорытындысын әзірледі, - деді палата спикері Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор Владимир Волков осы мәселе бойынша комитеттің қорытындысын оқып берді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті өз отырысында бұған дейін Сенат тағайындаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесін қызметінен босату туралы кандидатураны талқылай келе, қорытынды шығарды. Сенат Регламентінің 81-1-тармағының негізінде Парламент Сенатына берілген өтінішіне байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сіләмжанұлы Сыдықовты қызметінен босату ұсынылсын, - деді сенатор.

Жалпы отырыста көтерілген мәселе бойынша Сенаттың тиісті қаулысы қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы