Серік Сәпиев дауы: Қарағанды спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Министрлік Нұратовтың кандидатурасын келісіп, басқармаға жаңа басшы бекітті.

 Туризм және спорт министрлігі Бүгiн 2026, 09:45
Бүгiн 2026, 09:45
197
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметіне Нұркен Нұратовтың кандидатурасын келісіп бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Бұған дейін Нұратов Алматы облысының олимпиадалық резервтерді даярлау орталығын басқарған.

Министрліктің мәліметінше, үміткердің спорт саласында айтарлықтай тәжірибесі бар. Комиссия оның кәсіби жолын, басқарушылық тәжірибесін және өңірде спортты дамытуға қатысты көзқарасын жан-жақты қарап, оң шешім қабылдаған.

Еске салайық, бұған дейін басқарманы Серік Сәпиев басқарған. 2026 жылғы 21 қаңтарда ол өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалға түсіп, оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Кейін екеуі де бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген еді.

3 ақпанда Сәпиев пен Есімхановтың өз өтініштері бойынша қызметтен кеткені белгілі болды.

Ал 25 наурызда Сәпиев Қазақстан бокс федерациясы президентінің осы спорт түрін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Наверх