Серік Беркамалов: Ашаршылыққа қатысты тиісті рефлексия қажет

5 Қаңтар 2021, 15:36
1707
Бөлісу:
Серік Беркамалов: Ашаршылыққа қатысты тиісті рефлексия қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы Серік Беркамалов Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан түйген маңызды қорытындыларды атап берді.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы 1991 жылдан немесе 1936 жылдан басталмады, қазақ мемлекеттілігінің тамыры Қазақ хандығы, Алтын Орда, түркі қағанаттары, сақтар мен ғұндар мемлекеттері дәуірінде ғасырлар қойнауына өтті. Бұл мемлекетіміздің тарихи сабақтастығын айқындайды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы лайықты тарихи бағалауды талап етеді және тәуелсіз Қазақстанды құрудағы маңызды кезең деп мемлекет тарапынан танылды, - дейді ол.

Серік Беркамаловтың айтуынша, қазақ халқы бастан өткерген ашаршылық мәселесіне қатысты мұқият зерттеу және тиісті рефлексия қажет.

1921-1922 және өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы қолдан жасалған ашаршылықты ел миллиондаған адамның өмірін қиған ең ауыр қасірет ретінде мойындады. Бұл мәселені мұқият зерттеу және тиісті рефлексия қажет. Бұл тақырып тарихтың көлеңкесінде қалмауы және саяси конъюнктура үшін жасырын қалмауы  тиіс, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы