Сергей Пономарев «кейрин» бойынша іріктеу кезеңінен өте алмады

7 Тамыз 2021, 14:11
4665
Бөлісу:
Сергей Пономарев «кейрин» бойынша іріктеу кезеңінен өте алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы Олимпиада ойындарында тректегі велоспорт бәсекесі жалғасуда. 

Бүгін спортшылар «кейрин» бойынша өзара мықтыларды анықтайды, деп жазады Olympic.kz.

Өкінішке қарай, Қазақстан атынан сынға түскен Сергей Пономарев іріктеу кезеңінен өте алған жоқ. Ол жарыс барысында құлап қалып, турнирден шығып қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Понмарев спринттен, Артем Захаров «омниум» бойынша Токио Олимпиадасында жарыс жолына шыққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы