"Сергек" жол полицейлерін жемқорлық табысынан айырды – Тоқаев

19 Тамыз 2020, 15:02
1941
Бөлісу:
"Сергек" жол полицейлерін жемқорлық табысынан айырды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сергек" жол полицейлерінің қолына түсетін жемқорлық табыстарынан айырды, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте.

Мемлекеттік қызметтерді жедел цифрландыру. Деректер базасын одан әрі интеграциялау мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Бізде бір ведомствоның шағымына жауап ретінде басқа мемлекеттік органнан анықтама алатын тәжірибе әлі күнге дейін жойылған жоқ. Мұндай анахронизмдерді цифрландыру жоюы керек, - деді Тоқаев. 

Тоқаев ашық бюджеттердің интерактивті картасы 7 триллион теңгеден астам бюджет ақшасын жұмсау туралы ақпараттың жалпыға таралуын қамтамасыз еткенін айтты.

"Сергек" мемлекетке бұзушылықтарды тіркеу бойынша озық технологиялар қандай пайда әкелетінін көрсетті. Сонымен қатар, ол жол полицейлерінің қолына түсетін жемқорлық табыстарынан айырды. Барлық мемлекеттік орган, бірінші кезекте әкімдіктер бұл тәжірибені қолға алуы керек. Мұндай цифрлық шешімдер адам факторы мен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайларды жояды, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы