Сегіз күнде 42 млн табыс тапқан камера

9 Қаңтар 2020, 15:19
10511
Бөлісу:
Сегіз күнде 42 млн табыс тапқан камера

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында жаңадан іске қосылған 400 "Сергек" камерасы 42 млн теңгеге айыппұл салған.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, қалада 1 қаңтардан бастап 400 "Сергек" камерасы ресми іске қосылған. 

Нәтижесінде 8 күннің ішінде 2564 жол ережесін бұзу фактісі тіркеліп, оларға жалпы сомасы 42 010 397 теңге айыппұл салынған. Әкімшілік құқықбұзушылықтар көбіне жылдамдықты асырумен баланысты (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым). Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын да атап өтті, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, "Сергек" бағдарламалық кешені жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілерін сақтамау, көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу және қоғамдық көлік жолағына заңсыз шығып кету сынды құқық бұзушылықтарды тіркейді.

Өзгелердің жаңалығы