Сергеев су қоймасы 180%-ға толды

8 Сәуір 2024, 12:19
247
Бөлісу:
Сергеев су қоймасы 180%-ға толды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов, айтты деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сергеев су қоймасы 180%-ға толды. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмайды. Қоймадағы су 415 см құрайды. 2017 - жылы ең үлкен деңгей тіркелген кезде судың толып кетуі 338 см болды. Бұл 3 аудан мен Петропавл қаласында су басу қаупін тудырады. Су басу аймағына 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді. 12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді, - деді, Мұрат Қанғожинов.

Сонымен қатар, су тасқыны жағдайы бойынша 20 наурыздан бастап өңірде жедел штаб ашылған.

262 елді мекенде су басу қаупі сақталуда. 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды,-деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы