Сергеев су қоймасы 125%-ға толды

Бөлісу:
Сергеев су қоймасы 125%-ға толды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Есіл өзенінің бойында су деңгейі төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-аналитикалық тобының бас маманы Жазира Қожахметова мәлімдеді.

Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 125% толып, су бөгет шыңынан 1 метр 38 см асты. Тәулік ішінде 11 см төмендеді. Облысымызда Есіл өзенінің бойында су деңгейінің едәуір төмендегені байқалады. Есіл ауданында Есіл өзенінде Покровка селосының гидробекетінде су деңгейі 51 см, Новоникольское селосында 24 см төмендеді. Демек су тасқыны екінші деңгейінің шыңы ол жақта өткені. Ал Петропавлда су тасқынының шыңы қазір өтіп, тәулік ішінде су деңгейі 19 см төмендеді. Жаңадан су алған жерлер жоқ және алдағы уақытта болмайды, - деді СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жазира Қожахметова ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Нақтыланған мәліметтер бойынша, СҚО су тасқынының басынан бері 3898 үйді су басты, оның 712 үйден су кетті. Жалпы облыс бойынша 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды, олардың 3596-ы бала. Бүгінгі күнге 764 адам үйлеріне оралды. 

Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесе, елді мекендерде патруль жасап, олардағы судың деңгейін бақылайды, қатты сырқаттанған адамдарды дереу жеткізу, қорғау бекеттерін нығайтумен айналысуда.

Өзгелердің жаңалығы