Сербияда «Қазақ киносы апталығы» өтіп жатыр

26 Мамыр 2021, 22:40
1352
Бөлісу:
Сербияда «Қазақ киносы апталығы» өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербияда салтанатты түрде алғаш рет өткізіліп отырған «Қазақ киносының апталығы» ашылды.
 

Аталған шара Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығына және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25-жылдығына орайластырылды.

Салтанатты рәсімді Қазақстан елшісі Ғабит Сыздықбеков пен Қазақстанмен парламентаралық достық тобының төрағасы Оливера Неделькович ашты. Халықтық Скупщина депутаттары, Үкімет, дипломатиялық корпус өкілдері және Қазақстанның Сербиядағы достары клубының мүшелері құрметті қонақтар ретінде қатысты.

Өз сөзінде отандық дипломат елдеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қызмет ететін әрі қазақ халқының терең тарихы және бай мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Елшілік Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігімен және Ш. Айманов «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп Белград тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама дайындаған болатын.

Бір апта бойы серб көрермендеріне «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Аманат», «Құнанбай», «Шырақшы», «Алмас қылыш», «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Балуан Шолақ», «Жақсылық», «Мұзбалақ» және «Күлтегін» секілді көркем және анимациялық фильмдер ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы