Сенбі күні үш қалада ауа сапасы нашарлайды

27 Мамыр 2023, 07:35
546
Бөлісу:
Сенбі күні үш қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін республиканың үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, 27 мамырда Петропавл, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы