Сенбі, 2 қыркүйекке арналған ауа райы

2 Қыркүйек 2023, 08:30
735
Бөлісу:
Сенбі, 2 қыркүйекке арналған ауа райы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК қыркүйектің 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша найзағай ойнап, жел соғады, бұршақ жауады. Республиканын оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақаталады.

Орталықта, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы