Сенатта Қазақстан-Түрікмен шекарасын делимитациялау туралы шарт қаралады

18 Қазан 2022, 13:26
1237
Бөлісу:
Сенатта Қазақстан-Түрікмен шекарасын делимитациялау туралы шарт қаралады
Фото: Б.Серікбай

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекара сызықтарының өтуін және балық аулау аймақтарының аражігін ажырату туралы шартты ратификациялау болып табылады. 

Шартты ратификациялау жер қойнауын пайдалануға және су биологиялық ресурстарын аулауға егемен құқықтарды іске асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Каспий теңізінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени маңызын мойындай отырып, елдер арасындағы тату көршілік қатынастарды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Шартты ратификациялаудың нәтижесі екі елдің мемлекеттік шекарасындағы тұрақтылықты одан әрі қамтамасыз етудегі өзара құрмет, сенім, тең құқық, достық және ынтымақтастық аясында шекаралық мәселелерді реттеу болып табылады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы