Сенатта Әлеуметтік кодекстің жобасы талқыланды

14 Наурыз 2023, 18:52
717
Бөлісу:
Сенатта Әлеуметтік кодекстің жобасы талқыланды
Фото: Сенат

Сенатта Әлеуметтік кодекстің жобасы талқыға салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Әлеуметтік кодекс», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларын талқылады.

Кеңейтілген отырыста айтылған ақпарат бойынша Әлеуметтік кодекс азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ жүйені алдын алу шаралары мен әлеуметтік тәуекелдердің алдын алуға қайта бағдарлауға бағытталған. Құжатта балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және басқа мәселелер көрсетілген.

Кодекске ілеспе заң жобаларының міндеті – осы саладағы нормативтік құқықтық базаға маңыз беру және реформалау болып табылады. Жоғарыда аталған ережелерді іске асыру бір мезгілде 9 кодекс пен 41 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Сонымен қатар, бірқатар құжаттарда зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнайы мемлекеттік қызметтер және тағы басқалары туралы заңнамаға сілтеме нормаларын өзгерту мәселелері қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы