Сенаторлар палатаның алдағы отырыстарының күн тәртібін бекітті

2 Мамыр 2023, 18:47
952
Бөлісу:
Сенаторлар палатаның алдағы отырыстарының күн тәртібін бекітті

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата бюросының отырысында депутаттар 4 және 11 мамыр күндері өтетін Сенат отырыстарының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соған сәйкес 4 мамыр күні сенаторлар «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Құжатта қарастырылған нормалар кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу кезінде қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Келісімді ратификациялау арқылы ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді және тауарды тасымалдау жағдайы жақсарады деп күтіліп отыр.

Ал, 11 мамыр күні болатын Сенат отырысында депутаттар «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Заң авторлық құқықтың бұзылуына қарсы іс-қимылдың құқықтық тетіктерін қалыптастырады, сондай-ақ ТМД елдерінің өзара сауда-экономикалық және мәдени байланыстарын кеңейтуге ықпал етеді.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

Өзгелердің жаңалығы