Сенаторлар қоғам және мемлекет қайраткерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

9 Қыркүйек 2021, 16:55
1303
Бөлісу:
Сенаторлар қоғам және мемлекет қайраткерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарихты сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу – Парламент Сенаты депутаттары қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында сенаторлар Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері - Қаныш Сәтбаев пен Жұмабек Тәшеневтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы Қаныш Сәтбаевтың қазақстандық ғылымды дамытуға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Сонымен қатар қазақтың ұлы ғалымы елдің экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріне белсене қатысты.

Парламентшілер Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу аясында жақында ашылған Жұмабек Тәшенев ескерткішінде де болды. 

Сенаторлар Жұмабек Тәшеневтің Қазақстанның аумақтық тұтастығын сақтауға өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті.

Жоғары лауазымдардағы қызметі кезінде ол қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау үшін көп жұмыс істеді, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ жазушылары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және басқа да қаламгерлердің шығармаларын қайта басып шығаруға тікелей араласты.



Өзгелердің жаңалығы