Сенаторлар бірқатар заңды қабылдады

13 Мамыр 2021, 14:20
2138
Бөлісу:
Сенаторлар бірқатар заңды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар Армения мен Қырғызстанның кедендік баждарын ЕАЭО мөлшерлемесіне кезең-кезеңімен интеграциялайтын заңдар қабылдады.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңдарды қарап, қабылдады.

Бұл заңдар Армения мен Қырғызстанның кедендік баждарын ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемесіне кезең-кезеңімен интеграциялауға мүмкіндік береді. Соған байланысты екі мемлекет үшін өтпелі кезең 1 жылға неғұрлым сезімтал тауарларға қатысты ЕАЭО тарифін толық имплементациялауға дейін ұзартылады.

Бүгін қабылданған заңдар Қырғыз және Армения Республикаларының аумақтарына үшінші елдерден әкелінетін бірқатар тауар тізбесі бойынша кедендік-тарифтік реттеу саласын қамтиды. Нақты айтқанда, бұл елдер Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде қарастырылған уақытша жеңілдіктерді әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты бір жылға ұзартуды сұраған. Өтініштер тиісті деңгейде қолдау тапты. Жалпы, бұл заңдар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестік пен ынтымақтастық қатынастарды нығайтуға оң септігін тигізеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар отырыс барысында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады. Ақылбек Күрішбаев тұқым шаруашылығы және селекциялық ғылым саласындағы өзекті мәселелерді көтерсе, Әлімжан Құртаев азаматтардың Оңтүстіктен Солтүстікке көшу бағдарламасын іске асыру кезіндегі проблемаларға назар аударды.

 



Өзгелердің жаңалығы