Сенаторлар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеді

1 Шілде 2022, 11:28
1517
Бөлісу:
Сенаторлар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді зерделей келе, Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан пестицидтер мен гербицидтер шығаратын ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болды.

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеді

Сенаторлар бүгінгі таңда бұл саланы зерделеу және жергілікті тауар өндірушілерді заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қолдау, сондай-ақ импорттаушылармен тең емес бәсекелестікті жою аса маңызды екенін атап өтті.

Біз заңнама аясында өсімдік шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар мен мәселелерді зерделеу, сондай-ақ осы салаға салық салу туралы заңды қайта қарау қажет деген қорытындыға келдік. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке өндірушілерді қолдауға қатысты нақты тапсырмасы бар, – деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев.

Сенаторлар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеді

Сондай-ақ, сенаторларға жергілікті пестицидтер мен гербицидтерді өндіретін кәсіпорындарға өз қызметтерін бөліп төлеуге, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмыс жағдайларын жеңілдетуге мүмкіндік бар екені айтылды.

Сенаторлар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеді

Сапар барысында сенаторлар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Депутаттар мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілсе, өндірістік қуаттары бар отандық өндірушілер алдағы 12 жылда өндіріс көлемін ұлғайтып, ішкі нарықты пестицидтермен 90 пайызға қамтамасыз ете алатынын атап өтті.  Мұндай серпіліс халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, отандық ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік жұмыстарын күшейтуге, жаңа пестицидтік препараттарды жасауды жеделдетуге, сондай-ақ салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Сенаторлар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеді
Өзгелердің жаңалығы