Сенатор: Шағын және орта бизнес – экономиканың ең маңызды саласы

24 Мамыр 2023, 10:36
1012
Бөлісу:
Сенатор: Шағын және орта бизнес – экономиканың ең маңызды саласы

Сенатта «Өңір» депуттатық тобының кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Отырыста шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, атап айтқанда, салық салу, мемлекеттік сатып алулар, кедендік әкімшілендіру және туризм мәселелері қаралуда.

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы алдағы уақытта орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін қойды. Осыған байланысты, Мемлекеттік сатып алу саласын қоса алғанда, орта бизнесті реттеу рәсімдерін жеңілдету, салықтық жеңілдіктер, инвестициялық белсенділікті арттыру, әкімшілік жүктемені азайту және орта бизнесті қолдауды кеңейту бойынша шаралар ұсынылды. Шағын және орта бизнес дамымай, мемлекеттің экономикалық жағдайының тұрақтылығы туралы айту қиын, -деді сенатор Серік Шайдаров.

Елімізде 1 млн 900 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

Оның ішіндегі жеке кәсіпкерлер үлесі - 66,6%, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 21,1%, шаруа фермер қожалықтары – 12,2%, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 0,2% құрайды.

Осы орайда, Сенат кәсіпкерлікке қатысты бірқатар негізгі бағыттар бойынша заңдар қабылдаған еді. Мемлекеттік сатып алу, биржалық сауда, кедендік әкімшілендіру, төлем қызметтері және т.б. туралы заңдарға түзетулер енгізілді.

Жұмыс мұнымен аяқталмауы керек. Заңнаманы жетілдіру, ел ішінде де, жаһандық әлемде де әлеуметтік-саяси және экономикалық қатынастар қарқынды өзгеріп жатқан заманауи жағдайларда қалыпты және объективті процесс,-деді сенатор Жанна Асанова.

Сенатордың айтуынша, заңнаманы жетілдіру бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеп, ұсыныстар жинау арқылы өңірлер мен ХҚКО арасындағы тиімді жұмыстарды қамтамасыз етуге көмектесу керек.

Өзгелердің жаңалығы