Сенатор отандық киноиндустрияның дамуына алаңдаулы

14 Қыркүйек 2023, 12:10
475
Бөлісу:
Сенатор отандық киноиндустрияның дамуына алаңдаулы
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенатор Премьер-министрдің атына Қазақстан киноиндустриясын дамытудың маңыздылығы туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат қоғамдағы мәдени және зияткерлік ортаны қалыптастыруда киноиндустрияның маңызы жоғары екенін атады. Оның айтуынша, фильмдер мен телехикаялар ойын-сауық құралы ғана емес, құндылықтарды, білімді насихаттайтын алаң. Сондай-ақ, депутат кино өндірісінің қаржысына тоқталып, сала мамандарын толғандыратын мәселелерді шешу керек екенін жеткізді.

Егер Қазақстанда әртүрлі бағалаулар бойынша серия үшін төлем 6 мыңнан 30 мың АҚШ долларына дейін болса, онда Ресейде серия үшін 200 мыңнан 400 мың АҚШ долларына дейін жұмсалады. Шетелдік телехикаяларға тыйым салу және өз өндірісіміздің кинофильмдерін дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе де алуан түрлі. Шетелдік өнімдермен бәсекеге қабілетті жоғары сапалы ұлттық фильмдер жасау үшін қазақстандық кинематографистер мен продюсерлерге қаржылық қолдау және салықтық жеңілдіктер беру керек,-  деді Қайрат Тастекеев.

Өзгелердің жаңалығы