Сенатор: 10 бағыт бойынша берілген тапсырмалар экономиканы жаңа деңгейге шығарады

7 Ақпан 2024, 15:38
1630
Бөлісу:
Сенатор: 10 бағыт бойынша берілген тапсырмалар экономиканы жаңа деңгейге шығарады
Фото: Ақорда

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы бүгін жаңа үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Президент мырза жиын барысында жаңа үкіметтен көп үміт күтетінін жеткізді, жалпы айтқанда бірқатар мықты тетіктері бар үкімет жаңаша жұмыс белсенділігін көрсетуі тиіс. 10 бағыт бойынша берілген тапсырмалар еліміздің Ұлттық эконмикасын жаңа деңгейге шығару керек. Барлық бағыттар мемлекетіміздің нақты даму факторлары бойынша айқын болашақ көрініс беріп отыр. Сол 10 бағыттың ішінен, маған жақын болған логистика саласы бойынша Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзін жеткізгім келеді, - деп жазды сенатор.

Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажеттігін айтты.

«СЕГІЗІНШІ. Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет. Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Осы міндетті іске асыру үшін Көлік министрлігі құрылды. Сондықтан, министрлік осы саладағы өзекті мәселелер бойынша шұғыл және тиімді шешімдер қабылдауы керек. Нақты нәтиже күтемін.

Биыл бірінші жартыжылдықта теміржол саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын қамтитын Бағдарламалық құжатты қабылдау қажет. Мәселе аз емес. Атап айтқанда, вагондарды жаңарту жұмысын тездету керек. Контейнерлердің тапшылығын жою қажет. Магистралды желілерді кеңейтуге қатысты барлық жобаларды жүзеге асыру қажет (2028 жылға қарай 1,3 мың шақырым). Жалпы, теміржол саласын қарқынды түрде цифрландыру керек. Бұл қадам оның тиімділігі мен өнімділігін едәуір арттыруға, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді»

Шынымен де осы сала бойынша жүйелі реформалар қажет. Еліміздің экономикасының күре тамыры болып табылатын-логистика саласы Ұлттық экономикамызды нығайтып, халықтың сұранысына жұмыс жасап, республикалық бюджетке айтарлықтай кіріс жасау керек. Президенттің бұл бастамасы тайға таңба басқандай аксиомаға айналуы тиіс!, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы