Сенат төрағасы түркістандық студенттерге референдумның маңызын түсіндірді

31 Мамыр 2022, 17:17
2074
Бөлісу:
Сенат төрағасы түркістандық студенттерге референдумның маңызын түсіндірді

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушылар құрамымен және студент жастармен кездесті. 

Кездесудің мақсаты – 5 маусым күні болатын Атазаңға енгізілетін реформаларды жан-жақты талқылап, кеңінен түсіндіру. Университет ректоры Жанар Темірбекова жиынды салтанатты түрде ашып, Конституцияның маңыздылығына тоқтала кетті. Оның айтуынша, елдің ертеңін жасап, іргетасын қалайтын жастар.

Сенат төрағасы түркістандық студенттерге референдумның маңызын түсіндірді

Еліміздің бірден бір ең маңызды құжаты Конституцияға қандай өзгерістер енгізілгелі жатқанын студент жастар жатқа білуі тиіс. Себебі, бүгінгі реформаны қолдау арқылы ертеңгі күніміздің жарқын болуының негізін қалаймыз, - деді модератор. 

Бұдан кейін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумның әрбір қазақстандықтар үшін болашаққа жасаған таңдау болатындығына тоқталып өтті. 

Осы Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мемлекетімізді күшейту, саяси жетілуімізді ары қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әсіресе жастарға барлық мүмкіндіктерді жасау болмақ. Себебі, Қазақстанды жаңа белестерге апаратын сіздер, жаңа Қазақстанның игілігін көретін де солар. Осы қадам табысты болуы үшін жастар өзінің үлесін қосуы керек, - деді Сенат төрағасы. 

Сенат төрағасы түркістандық студенттерге референдумның маңызын түсіндірді

Сондай-ақ, Парламент Сенатының Төрағасы өзінің баяндамасында референдумнан кейін суперпрезиденттік жүйені тоқтатып, заман талабына сай Президент билігі Парламент пен жергілікті биліктің жауапкершілігін арттыра түсетінін де айта кетті. 

Жиынға қатысқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің экономика, құқық және басқару факультетінің деканы Сәбит Баймағамбетов Мәулен Әшімбаевтың киелі шаһарға арнайы келіп, референдумды түсіндіру жастар үшін маңызды екенін айтты.   

Өзгелердің жаңалығы