Сенат сайлауына 58 үміткер қатысады

24 Шілде 2020, 17:04
2368
Бөлісу:
Сенат сайлауына 58 үміткер қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 12 тамызда өтетін Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Еліміздің 14 облысы және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Сенат депутаттығына ұсынылған 94 кандидаттың 58-ін тіркеді. Орташа есеппен бір орынға 3 үміткерден келеді. Өңірлер арасында ең көп кандидаттар саны Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында болып отыр (5 адам тіркелген), - дейді ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
Оның айтуынша, 58 үміткердің арасында 48 ер, 10 әйел бар. Бұған дейінгі сайлаулармен салыстырғанда әйелдердің саны артқан.
Мысалы, 2017 жылғы сайлауда 47 (90,7%) ер мен 5 (9,3%) әйел, 2014 жылы 51 (96,1%) ер мен 2 (3.9%) әйел) болды. Әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатыр. Үміткерлердің арасында - 19 инженер, 13 экономист, 8 педагог, 7 аграрлық сала қызметкерлері, 5 дәрігер, 3 заңгер, 1 саясаттанушы бар. Ал қалған екеуі басқа сала өкілдері, - дейді комиссия төрағасы.
Өзгелердің жаңалығы