Сенат ЕАЭО аумағында электронды нысандағы қызметтер нарығына қатысты заңды мақұлдады

8 Ақпан 2024, 11:43
282
Бөлісу:
Сенат ЕАЭО аумағында электронды нысандағы қызметтер нарығына қатысты заңды мақұлдады
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенаттың жалпы отырысында "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2022 жылғы 9 желтоқсанда Бішкек қаласында хаттамаға қол қойды.

Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер нарығын дамытуға және тұтыну орны бойынша салық есебіне қоюды оңайлату, оларға қосылған құн салығын төлеу тетігін енгізуге ықпал ететін болады. Қазір хаттаманы ратификациялау туралы Заң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңына сәйкес барлық қажетті сараптамадан өтті, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және сараптама кеңесінің мүшелерімен келісілді, - деді сенатор Бекболат Орынбеков.

Заңның негізгі міндеттері - Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, үшінші елдермен де, қосымша құн салығын төлеудің ашық және айқын тетігі бар салық салудың тең жағдайларын жасау, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру саласында бизнесті жүргізу.

Өзгелердің жаңалығы