Сенат Ақылбек Күрішбаев өкілеттілігін тоқтатты

13 Қазан 2022, 10:03
1307
Бөлісу:
Сенат Ақылбек Күрішбаев өкілеттілігін тоқтатты

Бұл туралы бүгін өткен Сенат отырысында белгілі болды, деп мәлімдейді BAQ.KZ тілшісі.

Отырыс барысында сенатор Ақылбек Күрішбаев өкілеттілігін тоқтататыны белгілі болды. 

Ақылбек Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жасады. Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өкілеттілігін тоқтату туралы өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыным енгізді, - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Белгілі болғандай, ұсынымды Орталық сайлау комиссиясы енгізген. 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай ОСК ҚР Конституциясының 2-бабына "ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", ҚР Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаетың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов. 

Депутаттар ұсынымға дауыс беріп, бір ауыздан қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы