Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

17 Маусым 2024, 15:51
265
Бөлісу:
Семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты басталды

Таразда семселесу спортынан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы жарыс күнінде саблямен семсерлесуден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жасөспірім ұлдар арасында алматылық Хасен Диас жеңіске жетсе, қыздар арасында Айша Сыздыққа тең келер ешкім болмады.

Командалық сында Шымкент қаласы бірінші, Жамбыл облысы екінші орын иеленді. Қола жүлдені Алматы қаласының командалары еншілеген.

Өзгелердің жаңалығы