Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңіне қатысты

16 Наурыз 2021, 01:40
1469
Бөлісу:
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңіне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Будапештте семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтті. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жарысының нәтижесін ұсынды.

Венгрия қаласында өткен дода тек жекелей емес, командалар арасында да өтті. Пандемияға байланысты ұзақ уақыт жарыссыз қалған Қазақстан бірінші рет әлемдік байқауға қатысты. Әйелдер арасынданы командалық бәсекеде ел спортшылары 27 команданың ішінен 15-ші нәтиже көрсетті. Ерлер 21-орынды иеленді (29 команда қатысты).

Жекелей жарыстарға келетін болсақ, нәтиже келесідей: Ерлер: Бақдәулет Құралбекұлы - 89 орын; Илья Мокрецов - 103; Назарбай Саттархан - 133; Артем Саркисян - 166; Мұхамедәли Рахманали - 170; Дамир Ибрагимов - 175; Төлеби Қалдыбекұлы - 181. Әйелдер: Әйгерім Сарыбай - 38; Карина Доспай - 87; Тамара Почекутова - 113; Татьяна Приходько - 126; Айбике Хабибуллина - 141.

Өзгелердің жаңалығы