Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семсерлесуден әлем кубогінде еліміздің жастар командасы күміс жүлде алды

5 Ақпан 2024, 19:25
624
Бөлісу:

Өткен демалыста Швейцарияда шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған сында Қазақстан жастар командасы финалға дейін жетті.

Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов үштігі ақтық сында Венгрия құрамасына есе жіберді.

Ал турнир барысында Польша, Швейцария мен Америка құрамаларынан басым түсті.

Өзгелердің жаңалығы