Семейдегі жылу орталығының құрылысы биыл басталады

13 Қаңтар 2024, 08:45
530
Бөлісу:
Семейдегі жылу орталығының құрылысы биыл басталады
Фото: архив

Семейдегі жылу электр орталығының құрылысы биыл басталады. Нысанның техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай қалада жедел жұмыс тобы құрылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу орталығы шаһардың сол жағалауындағы Степной ауылының маңында болады. Облыс орталығындағы жылу желілерінің 60 пайыздан астамы тозған. Өткен жылу маусымында 600-ге тарта техникалық кемшіліктер тіркелді. Өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында жаңа жылу орталығына 480 миллиард теңге бөлу жоспарланған.

Бүгінде қаланың жылуға қажеттілігі 900 гигакалория. Біз шаһардың алдағы дамуын ескере отырып қуаты 1200 гигакалория болатын жылу орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Бұған 360 мегават электр қуатын қосыңыз. Ал орталықтың құрылысы шамамен үш жылға созылуы мүмкін, - дейді «Самұрұк-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов.

Өзгелердің жаңалығы