Семейде тазалық мәселесі жуық арада шешімін табады

30 Қазан 2019, 07:43
1798
Бөлісу:
Семейде тазалық мәселесі жуық арада шешімін табады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейдегі қоқыс шығару мәселесі жуық арада шешімін табады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Қала тұрғындарының жиі шағымданатын мәселесі жуық арада оң шешімін таппақ. Өйткені қоқыс шығару қызметіне жаңа көліктер алу жоспарда бар. 

"Семей Тазалық" ЖШС мамандарының айтуынша, "Iveco" маркалы қоқыс шығару көлігінің он шақтысын алу көзделіп отыр екен.

"Осыған дейін қаладағы қоқыс жәшіктерін жаңалаймыз деп айтқан болатынмын. Алайда, қалаға сапалы көліктер де алуымыз тиіс", - деді қала басшысы Ермак Сәлімов.

Өзгелердің жаңалығы