Семейдегі кәсіпорын құны 1 млрд теңгеден асатын келісімшартқа заңсыз қол қойған

18 Наурыз 2023, 19:58
853
Бөлісу:
Семейдегі кәсіпорын құны 1 млрд теңгеден асатын келісімшартқа заңсыз қол қойған
Фото: komandirovka.ru

Семейдегі "Теплокоммунэнерго" кәсіпорны былтыр нарықтағы құны 20 млн теңгеден аспайтын 3 сорғыны 40 млн теңгеге сатып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Мекеме мемлекеттік сатып алу порталына жүгінбей, тауар жеткізушімен тікелей келісім жасаған.

Антикор өкілдерінің мәліметіне сүенсек, "Теплокоммунэнерго" кәсіпорны тауар сатып алу кезінде құны 1 млрд теңгеден асатын 252 келісімшартқа заңсыз қол қойған. 

Антикор өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысында осындай деректерді жария етті.

Жалпы 2009-2022 жылдары Семейдің жылу нысандарын жаңартуға мемлекеттік бюджеттен 40 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бір ғана №1 Жылу электр орталығын жаңғыртуға мемлекеттен 26 млрд теңге қарастырылған. Қаражаттың 24 млрд теңгесі игерілгенімен, құрылыс әлі күнге дейін аяқталмаған.

- Көмірді сатып алу, жылу жүйесін жөндеу, қайта құру және мемлекеттік сатып алу барысында көптеген олқылықтың орын алғаны белгілі болды. Соны жоюға бағытталған ұсынымдар берілді, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов. 

Айта кетейік, Абай облысында мемлекеттің қаржысын орынсыз шашпақ болған шенеуніктердің қатары азаймай тұр.

Өзгелердің жаңалығы