Семейдегі 7 ауруханаға тегін қымыз таратылды

21 Шілде 2020, 23:35
1981
Бөлісу:
Семейдегі 7 ауруханаға тегін қымыз таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саржал десе, көпшіліктің есіне қазақтың сусыны қымыз еске түседі. Бүгінде осы өлкенің азаматтары ел басына түскен ауыр кезеңде имамдардың насихаттауымен Семей қаласындағы 7 ауруханада індетке шалдығып емделіп жатқан және де осы індетті өзіне жұқтыру қауіпі бола тұра, науқастардың жанынан ұдайы табылып жүрген ақ халатты абзал жандарға 1 тонна қымызды тегін жеткізіп берді.

Қайырымдылық шарасы ҚМДБ "Зекет" қорының ұйымдастырған "Өмірге үміт сыйла" акциясы аясында өтті. Оған қоса 120 адамға тамақ дайындалып таратылды.

Бабаларымыз "Сапырылған сары алтындай сары қымыз – сауға қуат, ауруға ем, дәрі қымыз" деп, қымыздың емдік қасиетін жетік білген. Сапырған қымызын сырқаттарға тегін әкеп берген жандарға Алла разы болсын! "Өмірге үміт сыйла" акциясы әрі қарай да жалғасын табады. Барша халқымызды осы акцияға атсалысуға шақырамыз. Алла Тағала Құранның "Мәида" сүресінің 32-аятында: "Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол бүкіл адамзатты тірілткенмен тең" деген, – дейді ұйымдастырушылар.

Өзгелердің жаңалығы