Семейде тасқын қаупі төнген 15 аумақ бар

6 Наурыз 2023, 21:44
848
Бөлісу:
Семейде тасқын қаупі төнген 15 аумақ бар
Фото: semeynews.kz

Семейде тасқын қаупі төнген 15 аумақ бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Семейде коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, шаһар көшелері мен қала маңындағы ықшам аудандарды су мен қардан тазартуға 60-тан астам арнайы техника мен мердігерлік ұйымның 10 бригадасы жұмылдырылған. 

Су еріп бастағаннан 12 мың текше метр су шығарылды. Дренаждік жүйелерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Су тасу қаупі бар аумақтардан қар шығару жұмыстары екі ауысыммен жалғасуда. Оған 45 Камаз бен 10 жүк тиегіш жұмылдырылған, - дейді Семей қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әділбек Увасилов.

Өзгелердің жаңалығы