Семейде өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды

27 Наурыз 2021, 23:01
1596
Бөлісу:
Семейде өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурыз күні сағат 19:18-де Семей қаласындағы Первый микрорайон көшесіндегі үйлердің біріндегі 5 қабаттағы пәтерде өрт шықты. 

Семейде өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндіру бөлімшелері келіп жеткен кезде жиһаз, жеке заттар жанып жатқан. 

Семейде өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды

Бірінші кезекте өрт сөндірушілер 1946 жылы туған үй иесін шығарды. Иіс тию белгісі бар әйел ауруханаға жатқызылды. Оның жұбайы 1938 жылы туған адамды өрт сөндірушілер түтін басқан үйден алып шықты. Құтқарушылар баспалдақ арқылы жедел түрде 60 адамды эвакуациялады, оның 20-сы бала. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. 19 сағат 43 минутта өрт толық сөндірілді. Өрт себебі шылым шегу кезінде отпен абайсыз болу, - делінген хабарламада.

Семейде өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды

ШҚО ТЖД  темекі шегу кезіндегі қауіпсіздікті сақтамау трагедиялар мен жазатайым оқиғаға себепкер болуда екенін ескертеді. Өрт кезінде дереу 201, 112-ге қоңырау соғыңыздар. 



Өзгелердің жаңалығы