Семейде медициналық оңалту орталығы ашылды

17 Қазан 2020, 01:17
2263
Бөлісу:
Семейде медициналық оңалту орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласындағы №6 емхана базасынан медициналық оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл орталықта негізінен ауыр ота жасалған науқастар жатады. Мамандар олардың тезірек аяққа тұруына жағдай жасайды. Сондай-ақ инсульт алған адамдар да жарты жылда бір рет жатып, сауықтыру емін алады.

Оңалту орталығы неврология, травмотология және кардиология бағытында жұмыс істейді.

Айта кетейік, Семей қаласында мүгедек жандарды оңалтуға арналған тағы бір медициналық орталық салынуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы