Семейде есірткі өндірушілер анықталды

16 Қаңтар 2022, 20:00
1174
Бөлісу:
Семейде есірткі өндірушілер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 15 қаңтарда Семей қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «А» деген азаматты ұстап, УҰИ-ға қамады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 кг «а-PVP» психотроптық заты, 50 кг синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде - делінген  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы